ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ

Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11428 болып тіркелді.

“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес “Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес “Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес “Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.