СУ КӨЛІГІ

Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11369 тіркелді.

“Мемлекеттік қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес “Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес “Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес “Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес “Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес “Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес “Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес “Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес “Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес “Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, “өзен-теңіз” суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты; 10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес “Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және “өзен-теңіз” суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

“КЕЛІСІЛДІ”

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

________________ Е. Досаев

2015 жылғы 16 мамыр