КОМИТЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң (бұдан әрi – Министрлік) өз құзыретi шегiнде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ әуе және құбыржол көлiгiн қоспағанда, көлік саласында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

Комитеттiң осы ережеге сәйкес аумақтық органдары мен ұйымдары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

6. Комитеттiң құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің (бұдан әрі – Министр) келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекiтедi.

7. Комитеттiң толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi» республикалық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Комитет транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»

8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.

9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы « » № бұйрығына қосымша

10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Комитет кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

Егер Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Комитеттің негiзгi міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

12. Инспекцияның міндеттері:

1) әуе және құбыржол көлiгiн қоспағанда, көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

2) өз құзыреті шегінде көліктің және оның өмірлік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету.

13. Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинау, автокөлік құралдарының қозғалыс қарқындылығын есепке алу, белгіленген нысандағы есеп беру құжаттары түрінде жинақталған ақпаратты беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;

4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;

5) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу;

6) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;

7) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларын беру;

8) көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;

9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру;

10) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

11) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша қалалардың шекараларындағы немесе өзге де елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарындағы көлік бақылау орындарында автокөлік құралдарының жүрістеріне бақылау жүргізу;

12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

14) автокөлік құралдарының жүруін, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген габариттік және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

15) тахографтарға қызмет көрсету және орнату бойынша қызметті жүзеге асыратын сервистік орталықтарға бақылауды жүзеге асыру;

16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен автожолдарда және автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру;

17) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;

18) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамына қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асыру;

19) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

20) теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме теміржолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

21) теміржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып тексеруді жүзеге асыру, соның ішінде олармен сақтау:

темiржол желiсiнiң станциялық және магистральдық жолдар мен темiржолдағы кiрме жолдарды күтiп-ұстауды, жылжымалы құрамды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;

Жолаушыларды тасымалдау, багажды, жүктерді, жүк-багажды және поштамен жөнелту қағидаларын;

темiржол көлiгiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, сондай-ақ жасанды құрылыстарды және теміржол өтпелерін күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi сақтау бөлiгiнде тексеруді жүзеге асыру;

22) жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілін мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыру;

23) жылжымалы теміржол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;

24) Министрдің міндетін атқарушысының бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін жүргізу;

25) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;

26) жолаушылар поездарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүру жолында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу;

27) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

28) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;

29) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

30) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасау және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, стандарттар мен нормалардың талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгiзу;

31) қозғалыс қауiпсiздiгiнiң және қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi жауап бермейтiн магистральдық темiржол

желісі объектiлерiн, темiржолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұруды және тоқтатуды жүзеге асыру;

32) қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына жай-күйі жауап бермейтін қалалық рельсті көлік объектілерін пайдалануды тоқтата тұруды жүзеге асыру;

33) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiк пен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қою;

34) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

35) су көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлiгiнде олардың қызметiн тексеру;

36) ішкі су көлігі саласында тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасауын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

37) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi қарап-тексеру, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеруді жүргізу;

38) жеке және заңды тұлғалардың көлiктің жұмыс iстеуі тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының талаптарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;

39) өз құзыретi шегiнде тексерулер нәтижелерi бойынша актiлер жасау және су көлiгiнiң жұмыс істеуі тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгiзу;

40) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;

41) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын тиіс кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау;

42) кемелерді, салдарды және ішкі су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектілері мен құрылыстарын, олардың пайдаланылуын қауіпсіз қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексеруді жүргізу;

43) алкогольдік, есiрткiлік және уытты мас күйінде болған шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жiберу;

44) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;

45) жеке және заңды тұлғалардың ішкi су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

46) кеменi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтiн кемелердi (оның iшiнде шағын көлемдi), салдар мен өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;

47) кемені пайдалану қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салу;

48) Министрдің бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу;

49) ішкі су көлігі саласындағы бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

50) техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу;

51) техникалық қарап-тексеру операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

52) Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімін жүргізу;

53) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

14. Инспекцияның құқықтары мен міндеттемелері:

Инспекция:

1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратады және алады;

2) әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көліктегі тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін тексереді;

3) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәселелерді қарайды;

4) хаттамалар толтырады, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес іс жүргізуді жүзеге асырады;

5) жеке тұлғаны әкiмшілiк ұстауды, көлік құралын ұстауды, тұлғаның жеке басын және жеке тұлғамен бірге болатын заттарын қарап-тексеруді жүргізеді, көлік құралдарын қарап-тексеруді жүзеге асырады;

6) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақтарға, үй-жайларға, тауарларға, өзге де мүлікке, сондай-ақ тиісті құжаттарға тексеру жүргізеді;

7) әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлiктiк оқиғалардың, көлiктi пайдалану ережесін бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді;

8) көлiктiк бақылау посттарында, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар және өзге де елді мекендер шегінде автокөлік құралдарын тоқтатады;

9) өз құзыреті шегінде, тексерулердің нәтижелері бойынша актілер шығарады және Қазақстан Республикасы заңдарының, әуе және құбыржол көлігінен басқа көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері, стандарттары және нормалары талаптарының анықталған және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізеді;

10) арнайы байланыс құралдарын пайдаланады, арнайы су көлігі және арнайы автокөлік, сондай-ақ өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде таяқша және ысқырық пайдаланады;

11) уәкілетті органның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;

12) қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

Инспекцияның міндеттемелеріне:

1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асуын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

3) Инспекция құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;

4) Инспекция теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

5) бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және қаржылық есепті Комитетке тапсыру;

6) Инспекцияға бөлінген бюджет қаражатының толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін жүргізу кіреді.

3-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

15. Инспекция көлiктiк бақылау органдарының бiрыңғай жүйесiне кіреді.

16. Инспекцияны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің келісімі бойынша және Көліктік бақылау комитеті төрағасының ұсынуымен Қ

атшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

17. Инспекция басшысының Комитет төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын орынбасары болады.

18. Инспекция қызметкерлері қызметтік киім киюі мүмкін, нөмірлі төс белгілері және қызметтік куәліктері болады.

19. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Инспекцияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауаптылықта болады.

20. Инспекция басшысы осы мақсаттарда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында және осы Ережеде айқындалғаен құзыреті шегінде Инспекция қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

2) Инспекция басшысының орынбасарынан басқа, Инспекция қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады, оларға көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын және тәртiптiк жазалар қолданады;

3) Инспекция бөлімдері басшыларын тағайындауды Комитетпен келіседі;

4) бұйрықтарға қол қояды және функционалдық бағынысты қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді, олардың арасындағы міндеттерді бөледі;

5) Комитет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды.

6) Инспекцияны мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

7) отандық және шетелдік тауар өндірушілермен тауарлар мен қызметтерді жеткізуге шарт жасасады, банктерде шот ашады, сенімхаттар береді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауаптылықта болады;

9) өзiнiң құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

4-тарау. Инспекцияның мүлкi

21. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады, сондай-ақ құны Инспекцияның теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктерден тұрады.

22. Инспекцияға бекiтiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

23. Инспекцияның өзiне бекiтiліп берілген мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе оған өзше тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

24. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде Инспекцияға мүлікке иелік етуге құқығы берілуі мүмкін.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату, Инспекция таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады және әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

2. Инспекция Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Комитеттің бұйрықтарына, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметiн жүзеге асырады.


БАСЫП ШЫҒАРУ ЖҮКТЕУ