Тасымалдаушылардың назарына!!!

2019 жылғы 19 тамыздан бастап 19 қыркүйекке дейіңгі аралықта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің қызметкерлері «Абайлаңыз, қауіпті жүк» республикалық акциясын өткізетінің хабарлаймыз. Аталған іс-шара жыл сайын өткізіліп тұрады және адам өмірі мен денсаулығының, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтуге бағытталған.
Акцияны өткізу барысында қауіпті жүк тасымалымен айналысатын автокөліктер тексеріледі. Атап айтқанда, жүкті тасымалдау шарттары, қажетті құжаттар, көлік құралының техникалық жағдайы, жүргізушілердің еңбек және тынығу тәртібін ұстануы тексеріледі.
Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән қасиеттерге қарай техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылатындығын атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген қағидалармен реттеледі.