Тасымалдаушылардың назарына!

     «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-сі 2018 жылғы тамыз айының 10-нан бастап 30 қыркүйек аралығында халықаралық қатынастағы автомобиль көлігімен  тасымалдау қызметімен айналысатын отандық тасымалдаушылардың 2020 жылға шетелдік рұқсаттың қажетті санына өтінім қабылдау айлығын жариялайды.

     «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен
тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары» 2015 жылғы 27 наурыздағы  № 353 бұйрығының 8 тармағына  сәйкес, жылдық өтiнiмдердi отандық тасымалдаушылар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы арқылы бередi. Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде қабылданады.

Жылдық өтiнiмде:

1)    отандық тасымалдаушының жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi және атауы;

2)    тасымалдың түрi; 1)  

3) елдер және тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.

Жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жылдық өтiнiм себептерiн көрсете отырып, өтiнiм берiлген күнiнен бастап екi жұмыс күн iшiнде қайтарылуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Біздін мекен жайымыз: Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, № 131 үй, 2 қабат, 214 бөлме. Тел. 8 (7282) 24-19-23.