Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік акциясы

Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы 2019 жылдың 21 мамырынан бастап 31-тамызына дейінгі мерзімде «Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!» акциясы жүргізілетіні жайлы хабарлайды. Акцияның мақсаты ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын-алуы мен ескеруді, сондай-ақ ауырсалмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылады. Осыған орай, акция барысында республика жолдарында ауыр салмақты және ірі габаритті автокөлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.