Қысқы тұрақтағы кемелерге өртке қарсы жаттығу өткізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2018 жылғы 11 қаңтардағы №3 бұйрығымен бекітілген, 2018 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21 тармағына сәйкес, Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының су көлігіндегі бақылау бөлімінің мамандары Қапшағай су бөгенінің жағалауында орналасқан РМҚК «Қазақстан су жолдары» өндірістік базасында Қапшағай қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің мамандарымен бірлесіп қысқы тұрақтағы кемелерге жедел өрт сөндіру қимылдарын пысықтау жөнінде оқу-жаттығулар жүргізді.