Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері қоғамдық қабылдау өткізді.

2018ж. 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірлігінің Алматы облысында орналасқан Техникалық реттеу және метрология Комитетінің, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті, көлік бақылау инспекциясы мемлекеттік мекемелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға арналған қоғамдық қабылдау өткізді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларына, әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне арналған қоғамдық қабылдау «Нұр Отан» партиясының Алматы облысы бойынша филиалында өтті.Қабылдау барысында Әдеп жөніндегі уәкілдер   мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар және әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері туралы сұрақтарға жауап берді.