Қауiптi жүк тасымалдаушылар назарына!

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 4-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi – адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы болып саналады.Өз кезегінде, тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.Осыған орай, өзіңізге белгілі, Көлік комитетінің 2018 жылға арналған
іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) шеңберінде көліктік бақылаудың неғұрлым басым бағыттары бойынша тиісті іс-шаралар өткізу қарастырылған. Аталғанға байланысты, автомобиль жолдарында қауіпсіздікті және қауіпті жүк тасымалдаушыларымен көлік заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында 17 қыркүйек және 17 қазан аралығында Жоспарға сәйкес «Абайлаңыз, қауіпті жүк!» бақылау акциясының өткізілуін хабарлаймыз.