Жүзу қауіпсіздігі басты назарда

Алматы облысы аумағында мемлекеттік тізілімде тіркелген шағын өлшемді кемелердің – катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлер мен гидроциклдердің саны жыл сайын артуына байланысты, олардың қызметін пайдаланушылардың да саны өсуде. Осыған орай, база-тұрақтарымен және шағын көлемді кемелерді жалға беру пункттерімен көрсетілетін қызметкөлемі қарқынды дамып келеді. Әдетте, мұндай қызметтерге сұраныс суға түсу маусымында және навигация кезінде арта түсетіні белгілі.Қазіргі уақытта облыс аумағындағы кеме кітабінің тізілімде тіркелген шағын көлемді кемелер саны соңғы жылдары өсіп, 2305 бірлікті құрап отыр. Десе де, аталған кезеңде облыстың ішкі су жолдарында шағын өлшемді кемелердің қатысуымен көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Егер республикалық көрсеткішке жүгінсек, көлік оқиғаларының басты себебі кеме жүргізушілерінің шағын өлшемді кемелердегі тасымал қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады. Бұл ретте «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ тарапынан атқарылып жатқан кеме жүргізушілерімен, база-тұрақтары және шағын көлемді кемелерді жалға беру пункттері иелерімен су көлігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені дәлел бола алады. Сонымен қатар 2018 жылғы 24 мамырда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР № 156-VІ Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылғаны туралы хабарлайды. Бұл Заң ағымдағы жылдың 08 маусымынан бастап күшіне енді.  Заңмен палубалы шағын көлемді кемелерден басқа шағын көлемді кемелерге техникалық байқауды жүргізуді алып тастау қарастырылған. Бұл ретте, шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдалануына бақылауды тек осы кемелерді пайдалану кезіндегі қарауларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғанның негізінде ағымдағы жылдың 08 маусымынан бастап шағын көлемді кемелерге техникалық байқау жүргізілмейді.