Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушыларға хабарландыру!!!

Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы ММ, Сіздерге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ ҚР Заңымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуліде,   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Көдексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ, Салық Көдексінің 554 баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін – 1 еселенген АЕК мөлшері, яғни 2018 жылға 2405 тенгені құрайды.

Жоғарыда айтылған негізінде,   Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ ҚРЗ алғашқы ресми түрде жарияланғаны 2018 жылдың 28 мамырында № 97 «Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда”, осыған байланысты 2018 жылдың 8 маусымнан бастап  күшіне енеді.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі № 131 үй, 2 қабат.

Анықтама телефондары: 8 (7282) 24-55-01, 24-29-47.