Тасымалдаушылардың, жер қойнауын пайдаланушылардың (карьер иелері), сонымен қатар қызығушылық танытқан тұлғалардын назарына

«Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңының 19-1, 19-7 баптарын басшылыққа ала отырып, Сізге келесіні хабарлайды:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін сақтау қажет,нақты айтқанда. автокөлiк құралына жүк тиеу процесiнде рұқсат етiлген салмақ пен көлем өлшемдерiнен асыруға жол бермеу керек;

2) Жол берілетін параметрден асыра жүк тасымалданған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №206 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларының талаптары сақталу керек, яғни ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүріп өтуі арнайы рұқсат негiзiнде жүзеге асырылуы тиіс;

3) Жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптарды сақтау қажет, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері, жөнелтілетін және келіп түсетін жүктің сапасы мен массасын анықтауға мүмкіндік беретін таразыға тарту және басқа жабдығы, сондай-ақ автокөлік құралдарының шанақтарын тез бүлінетін жүктерді түсіргеннен кейін тазарту, жуу және дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізуге арналған арнайы орындары болуы қажет [ҚР ИДМ 30.04.2015ж. № 546 бұйрығының 27 тармағы];

4) Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделу қажет, ал үйіп (бос) тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін [ҚР ИДМ 30.04.2015ж. № 546 бұйрығының 12 тармағы];

5) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-1 бабы талаптарын сақтау қажет, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген барынша салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол бермеу кажет, ұқсас талаптар автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында белгіленген [ҚР ИДМ 26.03.2015ж. № 546 бұйрығының 308 тармағы], мысалы:

– үш білікті өзі аударғыш үшін жол берілетін салмақ 25,0 тоннадан аспауы тиіс [ҚР ИДМ 26.03.2015ж. № 342 бұйрығының 13 тармағы], яғни, егер көлік құралын тіркеу күәлігіндегі «Рұқсат етілген ең ауыр салмағы» деген бағанында мән 25000 килограмнан асқан жағдайда (мысалы: 25200 килограм), аталған көлік құралымен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүктерді тасымалдауға жол берілмейді;

– төрт білікті өзі аударғыш үшін жол берілетін салмақ 32,0 тоннадан аспауы тиіс [ҚР ИДМ 26.03.2015ж. № 342 бұйрығының 13 тармағы], яғни, егер көлік құралын тіркеу күәлігіндегі  «Рұқсат етілген ең ауыр салмағы» деген бағанында мән 32000 килограмнан асқан жағдайда (мысалы: 32050 килограм), аталған көлік құралымен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүктерді тасымалдауға жол берілмейді;

Бір мезгілде, естеріңізге саламын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес:

– Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын, оның ішінде 308 тармақпен белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 571 баптын 2-1 тармағымен жауапкершілік қарастырылған;

– Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өткені үшін 571 баптын 6 тармағымен жауапкершілік қарастырылған;

–  Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өткені үшін 571 баптын 8 тармағымен жауапкершілік қарастырылған;

– Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілген салмақтық және (немесе) көлемдiк параметрлерден асырған үшін 571 баптын 9 тармағымен жауапкершілік қарастырылған;

– Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбаған үшін 571-1 бабымен жауапкершілік қарастырылған;

Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің толық мәтіндері «Әділет»  ақпараттық-құқықтық жүйесінде (www.adilet.zan.kz), сонымен қатар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiсінде (www.zan.gov.kz) электрондық түрде жарияланған.

Қосымша ақпарат алу үшін, Көліктік бақылау инспекциясына Талдықорған қ. Шевченко к-сі, 131 үй, 2 қабат мекен-жайы бойынша немесе 8 (7282) 24-29-47 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймын.

Осы хаттын мазмұнын қосалқы қызуғышылық танытқан тұлғалардың назарына жеткізулеріңзді сұраймын.

 

 

Инспекция басшысы                                                                        С. Сембаев