Шағын көлемді кеме иелеріне ! Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 8-қосымшасы «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Шағын көлемді кемелер заңды тұлғаларға заңды тұлғаның тұрақты тұрғын жері бойынша тіркеледі.

Шағын көлемді кеме иелеріне !

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 8-қосымшасы «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Шағын көлемді кемелер заңды тұлғаларға заңды тұлғаның тұрақты тұрғын жері бойынша тіркеледі. Азаматтардың жеке меншігіндегі шағын көлемді кемелер иегердің атына тек оның тұрақты тіркелу орны бойынша тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығының «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ереженің 63 тармағына сәйкес, Салмағы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспауға тиіс, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 бұйрығының «Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» 3 тармағына сәйкес, Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді техникалық қадағалауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) шағын көлемді кеме иесінің өтініші бойынша (еркін – нысанда), жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландырулар жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексеріп қарауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама бойынша тел: 8(7282) 244522, 242498 (мекен жайымыз: Талдықорған қ., Шевченко к. 131, 2 қабат, 212 каб.), электрондық мекен жайымыз: itk.alm@mid.gov.kz

Uncategorized

Leave a Reply

Your email address will not be published.